Досымбекова Рауан Орикбаевна – Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты-қазақ. Досымбекова Р.Ө. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасын 2003 жылы «шығыстанушы – филолог» мамандығын бітірген. Досымбекова Р.Ө. 2000-2001 жылдар аралығында ҚХР-ның Ланчжоу университетінде тіл ұстарту тәжірибесінен өтті. 2006 жылдың 22 маусымы мен 24 шілде аралығында Досымбекова Рауан ҚХР-ның Ланчжоу университетінде бір айлық «Орта Азия елдері қытай тілі оқытушыларына» арналған біліктілікті арттыру курсына қатысып, сертификат алған. 2011 жылы шілденің 4 мен 15-і аралығында ҚХР-дың Үрімші қаласында Шыңжаң халықаралық институтында екінші рет ұйымдастырылған Орта Азия және Ресей оқытушылары арасындағы тәжирибе алмасу семинарына қатысып, сертификат алды. 2011 жылы қазан айының 16-22 жұлдызы аралығында Пекин қаласында өткен «Шетел қытай тілі оқытушылары арасында оқулық құрастыру семинар-тренингіне» қатысып, сертификат алды. 2012 жылы қаңтар айының 5-15 аралығында ҚХР-дың Шанхай қаласында, Шанхай университетінде ғылыми стажировкадан өтті. 2012 жылы 10-25 тамыз аралығында ҚХР-дың Сямэнь қаласында өткен ОША және ОА қытай тілі оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсына қатысып, сертифакт иеленді. 2009 жылы Р.Досымбекованың Ж.Сәмитұлымен авторлық бірлестікте «Қытай поэзиясы » атты хрестоматиялық өлеңдер жинағы жарыққа шықты. 2011 жылы Досымбекова Рауанның ҚХР-дың Үрімші қаласындағы Шыңжаң оқу-ағарту баспасымен авторлық бірлестікте «ЖОО студенттеріне арналған қытай тілі», "Қытай тілі (оқылым және тыңдалым)" оқулығы жарыққа шықты. 2011-2012 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультетін «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтаған. 2013-2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультетінің «6D020900-Шығыстану» мамандығы бойынша докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын меңгеріп, «Қазақ және қытай тілдеріндегі сан мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері» атты тақырыпта диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. 2004 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасында аға оқытушылық қызметін атқарады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2003 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
06.04.2017 |
4
құжаттар
2